Ғ.Мүсірепов атындағы балалар мен жасөспірімдер кітапханасында Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Құқықтық калейдоскоп» өтті. Шараға облыстық полиция департаменті мамандары мен Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, қала жастары қатысты.
Іс-шараның мақсаты жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, құқықтық білімді насихаттау, студенттердің құқықтық мәдениеті мен құқықтық санасын қалыптастыру, сондай-ақ қоғам алдындағы жауапкершілікті тәрбиелеу болды.
СНХ:АЙГЕРІМ ШОҚАН ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЫ
Кездесуде полиция өкілдері жастарға заңды бұзудың салдары, құқықтық сауаттылықтың маңызы туралы түсіндірді. Әсіресе есірткі қылмысының қауіптілігі мен оның жастардың болашағына тигізетін зардабына тоқталды.
СНХ:ДАМИР АБДИН ҚАЛАЛЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Іс-шара барысында қатысушылар заңнама талаптарын сақтау бойынша өзекті мәселелерді талқылап, салалық мамандардан кеңес алды.