Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер су құстарын аулау маусымы қарсаңында аңшыларды тексеруде.
Бүгінде Солтүстік Қазақстан облысында тұяқты жануарларға аңшылық жасауға рұқсат берілген. Қыркүйек айында су құстарына аңшылық маусымы ашылмақ. Осыған байланысты полицейлер қаруды пайдалану кезінде болуы мүмкін қайғылы жағдайлардың алдын алу бағытындағы профилактикалық іс-шараларды күшейтті.
Әрбір аңшының өзімен бірге рұқсат құжаттары болуы шарт. Сондай-ақ қаруды заңнама талаптарына сай - оқ-дәрісіз, бөлшектелген және қапталған күйде тасымалдау қажет. Қаруды мас күйінде қолдануға қатаң тыйым салынады.
СНХ:МЕЙІРМАН СОВЕТОВ — ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ИНСПЕКТОРЫ
Жыл басынан бері әкімшілік полиция қызметкерлері СҚО-да қаруды сақтау ережесін бұзудың 297 дерегін, қайта тіркеу мерзімдерін бұзудың 191 фактісін және тіркелмеген қаруды сақтаудың 94 жағдайын анықтады. Құқық қорғаушылардың айтуынша, «Заң және Тәртіп» қағидасы әр азаматтан заң талаптарына жауапкершілікпен қарауды міндеттейді.