«Қазақстан халқына» қоры Солтүстік Қазақстан облысына 17 млрд теңгеден астам қаражатқа қайырымдылық көмек көрсетті. Осы орайда, баспасөз туры ұйымдастырылып, БАҚ өкілдері қордың қолдауымен іске асырылған әлеуметтік нысандарға барды. Соның бірі – Бірлік ықшам ауданы. Айта кетейік, Петропавлда су тасқынынан зардап шеккен тұрғындарға арнап «Қазақстан халқына қорының және «Қазақмыс» корпорациясы» ЖШС мақсатты жарнасы есебінен 200 үй салынған болатын.


Бірлік Баекин өмірінің 25 жылдан астам уақытын «Ойқала» шағын ауданында өткізген. Алайда кенеттен келген тасқын судың салдарынан үйі жарамсыз болып, отбасы бір сәтте баспанасыз қалды.Бүгінде Бірлік Қайкенұлы – жаңадан бой көтерген «Бірлік» шағын ауданының тұрғыны. Жаңа қонысында бір жылдан бері тұрып келеді. Оның айтуынша, жаңа қонысы көңілінін шыққан. Іші жайлы, бөлмелері кең,ең бастысы қыста жылы.

СНХ:БІРЛІК БАЕКИН, «БІРЛІК» ЫҚШАМ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Қазір бұл баспанада 6 адам тұрады. Отбасы жаңа баспаналарының айналасын жайнатып жіберген. Қазіргі таңда құс өсіріп, аздап көкөніс егеді. Айта кетейік, «Қазақстан халқына» қоры 2022 Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен құрылды. Қор төтенше жағдай кезінде өңірге 5 млрд теңгеден астам қаржыға көмек көрсетті.

СНХ:БАУЫРЖАН ОРАЗҒАЛИЕВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА» ҚОҒАМДЫҚ ҚОРЫ БАҒДАРЛАМАЛАР МЕН ЖОБАЛАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


«Бірлік» ықшам ауданының тұрғындары жақын уақытта үйлерінің меншік құқығын растайтын құжаттарға қол жеткізеді деп күтіліп отыр. Қазіргі таңда бұл баспаналар ресми түрде қалалық ТҮКШ және жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің балансында тұр. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының өкілдерінің айтуынша, барлық қажетті заңдық рәсімдерді қыркүйек айының соңына дейін аяқтау жоспарланған. Заңдастыру жұмыстары толық аяқталған соң, тұрғындарға үйлеріне меншік иесі екендігін растайтын ресми құжаттар табысталады.