«Ата заң – мәңгілік елдің тұғыры». Осындай атаумен Мағжан орталығында Қазақстан Конституциясының 30 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Оны Солтүстік Қазақстан мемлекеттік архиві ұйымдастырды.
Шара барысында қатысушыларға Ата заңның ел өміріндегі рөлі мен тарихи маңызы жан-жақты түсіндірілді. Дөңгелек үстелде заң саласының өкілдері, архив қызметкерлері, тарихшылар мен оқытушылар бас қосып, Конституцияның тәуелсіз Қазақстанның дамуындағы орны жайында пікір алмасты.
СНХ:СӘУЛЕ МӘЛІКОВА СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Спикерлер Конституцияда бекітілген адам құқықтары мен бостандықтарының қоғам үшін қаншалықты маңызды екенін түсіндірді.
СНХ:АНАРА МАМАНОВА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ №2 СОТЫНЫҢ СУДЬЯСЫ
ЗОрталық қабырғасында арнайы көрме ұйымдастырылып, онда Қазақстанның конституциялық тарихына қатысты сирек жәдігерлер ұсынылды. Көрмеге 1926 жылы қабылданған алғашқы конституцияның деректері, сондай-ақ 1995 жылғы референдумға қатысты түпнұсқа құжаттар мен тарихи фотосуреттер қойылды.