Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтқан тапсырмалары “Айтылды-жасалды" қағидаты бойынша қарқынды жүзеге асып келеді. Мәселен, Үкімет отандық тауар өндірушілердің позициясын нығайту, шикізаттық емес экспорт көлемін арттыру және шағын - орта бизнесті қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Отандық тауарлардың сыртқы нарыққа шығуы үшін инфрақұрылым реттеліп жатыр. Биыл 7 айда сауда көлемі 8,6%-ға, ал салаға салынған инвестиция көлемі І жартыжылдықта 37%-ға өсіп, 438 млрд теңгеге жетті. Салада 800 мыңнан астам бизнес субъектісі бар. Олар 1,5 млн-нан астам адамды жұмыспен қамтып отыр.
СНХ:АРМАН ШАҚҚАЛИЕВ, ҚР САУДА ЖӘНЕ ИНТЕГРАЦИЯ МИНИСТРІ