26 тамызда өңірде «Құқықтық тәртіп» жедел-профилактикалық іс-шарасы басталды. Қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шыққан қызметкерлерге облыстық полиция бастығы нұсқау беріп, марапаттады.
облыс орталығында жүздеген құқық қорғау қызметкері тұрғындардың қауіпсіздігін тәулік бойы қамтамасыз етеді. «Құқықтық тәртіп» операциясының алғашқы күні гарнизондық жиынды полиция департаментінің бастығы Айдын Қабдұлдинов өткізді. Ол қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді, оның ішінде мерзімді әскери қызмет өткеріп жүргендерді де алғыс хаттармен марапаттады. Айдын Қабдұлдинов Конституция күнін мерекелеу кезеңінде құқық қорғау органдары күшейтілген қызмет атқаратынын еске салды. Күн сайын 500-ден астам полицей солтүстікқазақстандықтардың және қонақтардың қауіпсіздігін күзетеді.
СНХ:АЙДЫН ҚАБДҰЛДИНОВ – СҚО ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСТЫҒЫ
Сап түзеу аяқталған соң, полицейлер мен әскери қызметшілер оркестр әуенімен салтанатты шерумен жүріп өтіп, облыс орталығының көшелеріндегі қызметіне кірісті.
Полиция күшейтілген қызмет режиміне көшті. Басты мақсат – мереке қарсаңында және мереке күні тұрғындар мен қонақтардың қауіпсіздігі мен жайлылығын барынша қамтамасыз ету.