Петропавлдағы оқушылар сарайында «Respublica» партиясының ReWoman әйелдер қауымдастығының өңірлік филиалы ұйымдастырған «Солтүстік әйелдер күші» атты форум өтті. Іс шараның басты мақсаты – Солтүстік Қазақстан облысындағы әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған шынайы шешімдер әзірлеу мен ашық диалог алаңын құру.
ЗЖиынға әйелдер бизнес-қоғамдастығының, мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, еріктілер және жастар қатысты. Форум жергілікті сән үйінің ұлттық киімдер көрсетілімінен басталды.
СНХ:ЗАРИНА МАВЛЯНИ ДИЗАЙНЕР
ReWoman әйелдер қауымдастығына 300-ге жуық адам мүшелік етеді. Бұл жерде кәсіп бастаймын деген қыз-келіншектермен әйелдерді қолдап, жол көрсетіледі. Кәсіпкерліктің қыр-сырын меңгерген, өз ісін дөңгелетіп отырған жандар бір-бірімен сырларын бөлісіп, дамуларына ықпал етеді.
СНХ:ЮЛИЯ АСҚАРОВА «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫНЫҢ «RE:WOMAN» ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
«Respublica» партиясының әйелдер қауымдастығының келесі форумдары Қостанай, Алматы және Павлодар қалаларында өтеді.
СНХ:АЙДАНА ТОҒЫЗБАЕВА «RESPUBLICA» ПАРТИЯСЫ ОРТАЛЫҚ АППАРАТЫ БАСШЫСЫНЫҢ КЕҢЕСШІСІ
Форумда қонақтар мен қатысушылар еркін түрде пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.