2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап жаңа Салық кодексі күшіне енеді. Қосылған құн салығының мөлшерлемесі 12%-дан 16%-ға дейін арттырылады. Бұл ретте тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі мен Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясындағы қызметтер, сондай-ақ, Үкімет айқындайтын тізбе бойынша орфандық және әлеуметтік мәні бар ауруларды емдеу және емдеуге арналған дәрілік заттарды өткізу, импорттау қызметтері қосымша құн салығынан босатылады.


Жалпы, қосымша құн салығы дегеніміз - сатылатын тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің бағасына қосылатын салық түрі. Бұл салық тұтынушының төлеген ақшасына қосылып, кейін мемлекеттік бюджет есебіне аударылады. Бұндағы негізгі мақсат - экономиканы дамытуға қажетті қаржыны қамтамасыз ету.

СНХ:КҮЛБАРШЫН БАГРАМОВА, СҚО БОЙЫНША МКД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


Қосымша салық түсімдері экономикалық өсуді ынталандыруға, инфрақұрылымды озыңқы дамытуға, басым салалардағы перспективалы бизнес-жобаларды қолдауға бағытталмақ. Айта кетейік, қосымша құн салығы бойынша тіркеу шегі 20 000 айлық есептік көрсеткіштен 10 000 айлық есептік көрсеткішке дейін төмендетілді.

СНХ:КҮЛБАРШЫН БАГРАМОВА, СҚО БОЙЫНША МКД БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ


Сонымен қатар, ҚҚС бойынша тіркеудің жаңа түрі енгізіледі. Бұл - шартты тіркеу деп аталады. Ол шетелдік компаниялардың арнайы тізімін құру арқылы, уәкілетті орган белгілейтін ережемен жүзеге асады. Енді ҚҚС бойынша тіркеудің ерікті, міндетті және шартты секілді үш түрі болады.