Жамбыл ауданына қарасты Благовещенка селосындағы жалпы орта білім беретін қазақ мектебі өздерінің 25 жылдығын атап өтті. Бұл еліміз егемендік алғалы ашылған елді мекендегі алғашқы қазақ мектебі. Тәуелсіздік жылдары Благовещенкада қазақ мектебін ашу жайында ел азаматтары көтерген бастаманы сол кездері облыстық мәслихаттың депутаты болған кәсіпкер Екпін Әбиев қолдап, халықтың ұсынысын билік басындағыларға жеткізеді. Осылайша күрмеуі қиын мәселенің шешімі табылып, 2000 жылдың 9 тамызында аталмыш ауылда қазақ мектебін ашу жайында қаулы қабылданған. Сол жылдың бірінші қыркүйегінде өз есігін айқара ашқан білім ошағына биыл ширек ғасыр толып отыр. Білім ордасының 25 жылдық мерейтойы бар сән-салтанатымен атылып өтті.
Жамбыл ауданына қарасты Благовещенка селосындағы жалпы орта білім беретін қазақ мектебіндегі бұл қарбалас жаңа оқу жылына әзірлік емес, оқу ордасының ширек ғасырлық мерейтойына жиналған жұртшылықтың бір-бірімен емен-жарқын жүздесуінің көрінісі. Олардың дені бұрынғы түлектер, зейнет демалысындағы ұстаздар мен мектептің ашылуына мұрындық болған ел азаматтары.
СНХ:СЕРДӘЛІ ӘУБӘКІРОВ - АЛҒАШҚЫ АТА-АНАЛАР КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
Благовещенка ауылында 2000 жылға дейін мүлдем қазақ мектебі болмаған. Бұл осы елді-мекенде тәуелсіздік жылдары қолданысқа енгізілген мемлекеттік тілде дәріс беретін алғашқы білім ошағы.
СНХ:ЕКПІН ӘБИЕВ – ЖЕКЕ КӘСІПКЕР
Содан бері сынаптай сырғып 25 жыл өтті, осы аралықта алтын ұя мектеппен қоштасып 650 түлек үлкен өмірге қадам басты. Талай ұстаз зейнет жасына жетіп, еңбек демалысына шықты.
СНХ:ГҮЛШАТ РАМАЗАНОВА – АРДАГЕР ҰСТАЗ
ТШирек ғасырда тарихы ел тәуелсіздігімен қатар жазылған шағын елді мекендегі білім ордасының жеткен жетістіктері ауыз толтырып айтарлық. 25 жыл ішінде мектеп тәмамдаған түлектердің алтауы Алтын белгі иегері атанса, 10 адам Үздік үлгідегі аттестатқа қол жеткізген. Мамандығын ұстаздықпен байланыстырып осында жұмыс істеп жатқандары ба бар. Солардың бірі Дарима Сағдеева.
СНХ:ДАРИМА САҒДЕЕВА -ДИРЕКТОРДЫҢ ОҚУ-ІСІ ЖӨНІНДЕГІ ОРЫНБАСАРЫ
Білім ордасының мерейтой ауылдық округтегі мәдениет үйінде жалғасын тапты. Салтанатты жиынды ашқан аудан әкімі Азамат Бектасов залға жиылғандарды мектептің мерейтойымен құттықтап, ұстаздар қауымының еңбектеріне сәттілік тіледі. Облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары Амангелді Әбдрахманов мектепке су-жаңа интерактивті тақтаның сертификатын табыстаса, жеке кәсіпкер Екпін Әбиев білім ошағына 1 миллион теңге ақшалай сыйлық берді. Кеш соңы жергілікті көркемөнерпаздар мен ұстаздар қауымының концертіне ұласты.