«El Umiti» корпоративтік қоры Солтүстік Қазақстан облысында білім басқармасының қолдауымен білім, ғылым және әлеуметтік даму бағытында бірқатар тегін іс-шаралар ұйымдастырды. Бүгін қор өкілдері «Жанұя үлгісіндегі балалар ауылында» балалардың дағдыларын дамытуға және кәсіби бағдар беруге бағытталған тренинг өткізді.
4 күн қатарынан білім беру ұйымдарының басшылары, өңір ұстаздары және оқушылары заманауи әдістемелермен танысып, кәсіби дағдыларын арттыру мүмкіндігіне ие болды. Бағдарлама аясында балалардың креативтілік, сыни ойлау, коммуникация, қабілеттерін диагностикалау мен дамыту бойынша және педагог-психологтар мен қызметкерлерге «Педагогикалық қызметтегі эмоционалдық шаршауды алдын алу» тақырыбында Smart Ustaz жобасы аясындағы арнайы тренинг ұйымдастырылды.
СНХ:ГҮЛІМ ЖҮСІПОВА «EL UMITI» ҚОРЫНЫҢ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ
Жанұя үлгісіндегі балалар ауылы 2001 жылдың 22 тамызында ашылған. Бүгінде мұнда мектеп жасындағы балалар тұратын 4, және 2 жастар үйі бар. Ауылда 6 студент, 28 оқушы тәрбиеленуде. Олар күнделікті 10 тәрбиешінің қарауында.
СНХ:ИРИНА ЯКИМОВА ПСИХОЛОГ
«El Umiti» қоры – әлеуметтік, қайырымдылық, білім беру, өнер және қоғамдық пайдалы мақсаттарға бағытталған коммерциялық емес ұйым. Оның негізгі мақсаты – шығармашылық және ғылым саласындағы дарынды жастарды қолдау, әлеуметтік жобалар мен азаматтық бастамаларды дамыту. 2019 жылдан бері «El Umiti» корпоративтік қорының өңірлердегі күндері» жобасы аясында еліміздің барлық өңірінде студенттер мен педагогтерге арналған кездесулер, тренингтер мен таныстырылымдар өткізіліп келеді.
СНХ:РОЗА СӘРКЕН, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ӘДІСТЕМЕЛІК ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ
Тренинг соңында барлық қатысушылар мен балаларға қор атынан арнайы сертификаттар мен сыйлықтар табысталды.