Өңірде Қытай мен Қазақстан арасындағы әріптестікті дамытуға арналған маңызды кездесу өтті. Қытайдың Қазақстандағы Елшісі Хань Чуньлинь бастаған делегация облысқа арнайы келді.Тараптар ауыл шаруашылығы мен өнеркәсіп саласындағы серіктестікті кеңейтуге мүдделі.
Өңірге Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлинь бастаған делегация ресми жұмыс сапарымен келіп кетті. Аспанасты елінің өкілдері облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетовпен кездесіп, екі мемлекет арасындағы серіктестікті дамыту бойынша бірқатар мәселелерді талқылады.
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Экспорттың негізгі бөлігін дәнді және майлы дақылдар құрайды. Бұл бағытта қазір Тайынша ауданында қытайлық инвесторлар жемісті жұмыс істеуде. Алдағы уақытта тағы 90 млрд теңге көлемінде инвестиция құйылады. Нәтижесінде агроөнеркәсіптік парк құрылады. Мұнымен шектеліп қалмау қажет. Аймақ басшысы қонақтарды «Qyzyljar» арнайы экономикалық аймағында өзге де жобаларды жүзеге асыруға шақырды. Жүздесуде Қозыбаев университеті жайлы да айтылды.
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Меймандар өңірімізді жоғары бағалайды. Олар Солтүстік Қазақстан облысымен байланысты арттыруға ниетті.
СНХ:ХАНЬ ЧУНЬЛИНЬ, ҚХР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ
Алқалы жиыннан соң қытайлық делегация облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұловпен бірге бірқатар нысанда болып, жұмыспен танысты.