Солтүстік Қазақстан облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «ECO MOVE QYZYLJAR» атты экологиялық іс-шара өтті. Акцияға облыс орталығынан және өңірдің түрлі аудандарынан жиналған 500-ге жуық жас қатысты.

Еріктілер Петропавл қаласындағы саябақты тазалады. Оған 9-11 сынып оқушылары, студенттер және жастар ресурстық орталығының қызметкерлері белсене қатысты. Кейін жоба соңында қатысушылардың көңілін көтеру мақсатында қызықты ойындар ұйымдастырылды.

СНХ:АЯУЛЫМ ҚҰСАЙЫНОВА, ВОЛОНТЕР


Жалпы, жыл басынан бері «Таза Қазақстан» бағдарламасы бойынша Солтүстік Қазақстан облысында 900-ге жуық экологиялық акция өткізілді. Ал, Петропавл қаласында 240-тан астам іс-шара ұйымдастырылған.

СНХ:АНАСТАСИЯ ВОЛКОВА, ҚОҒАМДЫҚ ДАМУ ЖӘНЕ АҚПАРАТ ОРТАЛЫҒЫ ЖАСТАР БАСТАМАЛАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ


Іс-шара соңында белсенді қатысушылар марапатталды. Іс-шара экологиялық мәселелерді талқылап, ортақ шешімдер табуға арналған тиімді алаңға айналды. Жастар өз идеяларымен және экологиялық жобаларды іске асыру барысында жинаған тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар, жаңа таныстықтар орнатып, бұл бағыттағы жұмысты жалғастыруға зор шабыт алды.