Қытай Халық Республикасының Қазақстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Хань Чуньлин бастаған делегация өңірдің бірқатар агроөнеркәсіп нысандарын аралап, өндіріс процесімен танысты.
Сапар аясында делегация өкілдері алдымен «Сервис-Жарс» ЖШС-нің Подгорное ауылындағы жоңышқа алқабын көрді. Жалпы аумағы 400 гектар, оның ішінде 360 гектар жерге жоңышқа егілген. Жылына үш рет орақ салынып, әр гектардан 7-10 тоннаға дейін өнім жиналады. Мұнда ірі қара малға арналған азық пен күнбағыс қалдықтары қайта өңделеді. Кәсіпорын жылына 60 мың тонна өнім өндіруді жоспарлап отыр. Ал келесі жылы экспортқа шығуды көздейді.
Бұдан соң қытайлық делегация «Қызылжар сүт» ЖШС-нің егіс алқабына барды. Шаруашылықта рапс, күнбағыс және жүгері өсіріледі. Заманауи тыңайтқыштар тұрақты әрі сапалы өнім алуға сеп. Қонақтар сондай-ақ бұл шаруашылықтың сүт-тауарлы фермасының жұмысымен де танысты. Іс-сапар аясында қонақтар «Северный бройлер» құс фабрикасын да аралап, өндіріс барысын көрді. Кәсіпорын Аққайың ауданындағы Аралағаш ауылында орналасқан. Бұл – облысымыздағы ең ірі құс фабрикаларының бірі. Қуаттылығы жылына 6 мың тонна ет өндіруге жетеді. Кәсіпорын 2022 жылы ашылған.
СНХ:ЕРКЕШ САҒДЕЕВ, “СЕВЕРНЫЙ БРОЙЛЕР” ҚҰС ФАБРИКАСЫ” ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Қазіргі таңда құс фабрикасы өнімнің экспорттық әлеуетін арттыруға ерекше көңіл бөліп отыр. Әсіресе, тауық сан етін шетелге сату және қайта өңдеу бойынша нақты жоспарлар бар. Осы мақсатта қытайлық инвесторлармен бірлесіп, 2026 жылы коллаген өндіретін зауыт салу көзделіп отыр. Бұл
Елші қабылдаушы тараптың қонақжайлылығына ризашылығын білдіріп, көрсетілген әлеует пен әріптестік мүмкіндіктеріне жоғары баға берді. Оның айтуынша, Қытай тарапы болашақта да өзара тиімді инвестициялық жобаларды іске асыруға мүдделі.
СНХ:ХАНЬ ЧУНЬЛИН, ҚХР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТӨТЕНШЕ ЖӘНЕ ӨКІЛЕТТІ ЕЛШІСІ
Қытайлық делегация сапар соңында Солтүстік Қазақстан облысының агроөнеркәсіптік әлеуетіне жоғары баға беріп, өңірмен арадағы ынтымақтастықты одан әрі дамытуға дайын екендіктерін жеткізді. Тараптар алдағы уақытта бірлескен жобаларды жүзеге асыру, инвестиция тарту және экспорт аясын кеңейту бойынша ниеттестігін білдірді.