Қызылжар ауданында биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында мал шаруашылығы өнімдерінің өндірісі артты. Сүт өндіру көлемі 1,3% өсіп, өткен жылмен салыстырғанда 420 тоннаға көбейді. Бұл көрсеткішке «Молсервис» компаниясы да өз үлесін қосты. Кәсіпорынның алдағы жоспары –өндірісті кеңейту, осы орайда құрылыс жұмыстары басталып кетті.


Жергілікті кәсіпорын тұтынушыларға сапалы, табиғи өнім ұсынады. Заманауи француздық қондырғыларда ең жаңа технологиялар негізінде өндірілетін сүт өнімдері бүгінде жоғары сұранысқа ие. Кәсіпорынның ассортиментінде 16 түрлі өнім бар. Олар еліміздің барлық өңіріне жеткізіледі. Өндірісте санитарлық талаптар қатаң сақталып, әрбір кезеңде сапаға баса мән беріледі.

СНХ:ЕЛЕНА ХУТОРНАЯ, СҮТ ЦЕХЫНЫҢ БАСТЫҒЫ


Кәсіпорын тәулігіне 20 тонна өнім өндіреді. Алдағы жоспарында өндірісті кеңейтіп, қосымша цех ашу бар. Жаңа нысан іске қосылған соң, өнім көлемі екі есеге ұлғаймақ.

СНХ:ҒАЛИБЕК РАМАЗАНОВ, СЕРІКТЕСТІК ДИРЕКТОРЫ


Жаңа цех іске қосылған соң жұмыс орындарының саны да артады. Барлық жабдық биылғы жылдың соңына дейін жеткізіледі.