Мағжан орталығында Сәбит Мұқанов атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының ұйымдастыруымен «Табалдырыықтан басталған азапты жол» атты әдеби кеш өтті. Іс-шараның мақсаты – қазақтың көрнекті акыны Мағжан Жұмабаев өмірі мен шығармашылық мұрасын насихаттау, сондай-ақ қазақ әдебиетін жастар арасында кеңінен дәріптеу.

Әдеби кеште ақынның шығармашылығы мен азаматтық болмысына арналған баяндамалар тыңдалды. Олардың қатарында қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жангелді Тәжиннің «Мағжан әлемі», ғылым магистрі Жазира Көкбастың «Мағжан поэзиясы» баяндамалары бар. Сондай-ақ Мағжан жырларынан үзінділер мен өлеңдері оқылды.

СНХ:ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, МАҒЖАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ


Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, ақын-жазушылар, М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің оқытушылары, ҚР Ұлттық Ұлан Академиясының курсанттары, кітапхана оқырмандары, Жастар ресустық орталығының мүшелері қатысты.

СНХ:ЖАҚСЫБАЙ САМРАТ ЖАЗУШЫ-ЖУРНАЛИСТ


Әдеби кешке қатысушылар Мағжан Жұмабаевтың мұрасы қазақ руханияты үшін сарқылмас қазына екенін атап өтті. Жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуде Мағжан мұрасының маңызы зор екені айтылды.