Көкшетау қаласында Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстары мамандарының қатысуымен көшпелі семинар-кеңес ұйымдастырылды. Іс-шарада инфрақұрылым саласындағы өзекті мәселелер көтеріліп, инженерлік желілердің сапасы мен құрылысты жобалау барысы талқыланды. Кеңеске жергілікті атқарушы органдар мен табиғи монополия өкілдері, құрылыс саласының өкілдері қатысты.
Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес былтыр желтоқсан айында энергетика және коммуналдық секторды жаңғыртуға бағытталған Ұлттық жоба қабылданды. 2025-2029 жылдары ұлттық жоба аясында 27 жаңа кәсіпорын ашылып, 3 500-ден астам жұмыс орны құрылмақ. Электр энергиясын өндіруге 6,2 трлн теңге инвестиция тартып, қуат 7,3 ГВт-қа дейін ұлғаяды.
СНХ:ТИМУР ҚОСЫМБАЕВ, ҚР ҰЛТТЫҚ ЭКОНОМИКА МИНИСТРЛІГІ ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАРДЫ РЕТТЕУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
2026 жылы коммуналдық шаруашылықты жаңғыртуға облыста «Петропавл жылу желілері», «Солтүстік Қазақстан электр тарату компаниясы», «Қызылжар су» секілді кәсіпорындар қатыспақ. Олар инфрақұрылымды жақсартып, қызмет сапасын арттыруға үлес қосады. Жобалар нәтижесінде СҚО-да инфрақұрылым тозуы 21%-ға төмендейді. 2026 жылға жоспарланған инвестиция көлемі: Ақмола облысында – 89,17 млрд теңге, СҚО-да – 130,56 млрд теңге.
СНХ:МАККА ШЫҢҒАЗИЕВА, ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ЖАҢҒЫРТУ МЕН ДАМЫТУДЫҢ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БАСҚАРМА ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ
Көкшетауда өткен семинар энергетика және коммуналдық секторды жаңғырту бағдарламасын түсіндіруге арналған жобалық офис ұйымдастырған екінші көшпелі жиын болды.