Өңір басшысы Ғауез Нұрмұхамбетов азаматтарды жеке қабылдау өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тұрғын үй құрылысының сапасы мен баспана кезегі мәселесін көтерді.

Петропавл қаласының тұрғыны Еркежан Опарина – толық емес отбасы ретінде тұрғын үй кезегінде тұр. Ол қайтыс болған жолдасының орнына кезекке тұруды қайта қалпына келтіруге бола ма деген сауалымен келген.

СНХ:ЕРКЕЖАН ОПАРИНА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ


Солтүстік Қазақстан облысында бүгінгі күні тұрғын үй кезегінде 23 мың адам тұр. Еркежан Опарина тізімде 1160 болып тұр. Петропавл қаласының әкімі биыл 110 пәтердің пайдалануға берілетінін айтты. Заң бойынша кезектен тыс баспана алу мүмкін емес. Ал Гүлмира Бисембаева мердігер компанияның жұмысына наразы. Оның айтуынша, жаңадан салынған тұрғын үй кешенінің цоколды қабатынан орын сатып алған, алайда үйде құрылыс нормалары өрескел бұзылған.

СНХ:ГҮЛМИРА БИСЕМБАЕВА ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ