Облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиында екі мәселе қаралды. Алдымен өңірдегі білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы туралы айтылды. Одан кейін орақ науқанының барысы сөз болды.
Аймақ басшысы Ғауез Нұрмұхамбетовтың төрағалығымен облыстық әкімдіктің кезекті отырысы өтті. Жиында қос мәселе қаралды. Біріншісі - өңірдегі білім беру нысандарының жаңа оқу жылына дайындығы. Ұл-қыздар жарық әрі жылы нысандарда тәлім алуы қажет. Сол үшін биыл да бірнеше мекеме күрделі жөндеу көрді. Маңызды іске қазынадан қыруар қаржы жұмсалды.
СНХ:АЙНАГҮЛ СҰРАҒАНОВА, СҚО БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Облыстық әкімдік отырысындағы кезекті мәселе - орақ науқанының басталуы. Көп ұзамай аққайыңдар өлкесінің алқаптарында техника жүйткиді. Басты міндет - көл-көсір астықты шашау шығармай жинау. Мінберге шыққан ауыл шарушылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы Дәурен Токужиновтың сөзінше, 4,3 млн гектардағы өнімді суға тигізбей қамбаға құю қажет. Ол үшін тегеурінді комбайн-тракторлар сақадай сай.
СНХ:ДӘУРЕН ТОКУЖИНОВ, СҚО АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ
Дизель отыны бойынша тапшылық туындамауы тиіс. Қазір билік қосымша жеңілдетілген 10 мың тонна жанар-жағармай бөлу мәселесін қарастыруда. Соңғы бақылау қорытындысына сүйенсек, дәнді және майлы дақылдардың 90 пайызы пісіп қалды. Алайда, аудардағы ылғал көлемі әртүрлі. Алдағы күндері тағы жаңбыр жаууы мүмкін. Демек, элеваторлар кептіргіш құралдарды дайындау беруі қажет.
СНХ:ДӘУРЕН ТОКУЖИНОВ, СҚО ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы
Орақ науқанында әр күнді, әр сағатты ұтымды пайдалану керек. Ғауез Нұрмұхамбетов аса маңызды кезеңде басқарма басшысына күн-түн демей еңбек етуді тапсырды. Отырыс барысында мал азығы жайлы да сөз болды.
СНХ:ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, Солтүстік Қазақстан облысының әкімі
Жиын соңында ауыл шаруашылығы санағы жайлы айтылды. Бұл - Мемлекет басшысының бақылауындағы мәселе. Аймақ басшысы жауапты тұлғаларға маңызды науқанды уақытында аяқтауды, жоспарды орындауды жүктеді.