Петропавлда 19-21 тамыз аралығында «Көшпенділер» жастар лагері өтуде. Іс-шараның мақсаты: жастар арасында патриотизмді дамыту, облыста волонтерлік қызметті ынталандыру және дамыту, сондай-ақ жастардың қоғамдық-саяси саладағы бастамаларын қолдау мен ілгерілету болып табылады.
Аталмыш лагерь осымен қатарынан 5-ші жыл ұйымдастырылып отыр. Лагерьге облыстың түкпір-түпірінен жиналған 60-қа жуық жас қатысуда. Алғашқы күні лагерь қатысушылары үшін «Мемлекеттік жастар саясаты мен азаматтық белсенділік» және «Әлеуметтік жобалау» тақырыптарында тренингтер өткізілді. Сондай-ақ қатысушыларға үздік әлеуметтік жобаны әзірлеу бойынша тапсырма берілді.
СНХ:РҮСТЕМ АРМАНОВ, «АУЫЛ» ПАРТИЯСЫНЫҢ «ЖАСТАР ҚАНАТЫ» ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУШЫ
Үшкүндік лагерь бағдарламасы бойынша келесі күні қатысушыларға арналған «Әлеуметтік желілер. Құралдар мен трендтер» тақырыбындағы тренинг ұйымдастырылады. Сонымен қатар жеке брендтің мобилографиясына арналған шеберлік сыныбы өткізіледі. Сондай-ақ қатысушыларға үздік әлеуметтік жобаны әзірлеу тапсырмасын орындауға уақыт беріледі. Одан әрі әлеуметтік жобаларды қорғау рәсімі өтеді. Жобаларды тәжірибесі мол, әлеуметтік жобаларды жазу және іске асыру бойынша білікті мамандардан құралған қазылар алқасы бағалайды. Жеңімпаз командалар ақшалай сертификаттармен марапатталады.
СНХ:АРУЖАН ҚАЖЫҒАЛИЕВА, ЛАГЕРЬ ҚАТЫСУШЫСЫ
Лагерьдің қорытындысында «Gera» авторлық агенттігінің жетекшісі, қоғам қайраткері Алла Писаренко шеберлік сыныбын өткізіп, қатысушылармен кері байланыс жүргізеді. Барлық қатысушыларға «Көшпенділер» жастар лагеріне қатысқаны үшін сертификаттар табысталады.