Петропавл қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлы мен орыс классигі Александр Пушкиннің ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Жиналғандар қос ақынның әдеби мұрасы халықтар арасындағы достық пен өзара құрметтің символына айналғанын атап өтті. Олардың шығармалары екі елдің мәдениетін байланыстырады. Іс-шараға Облыс әкімінің орынбасары Жүсіп Жұмағұлов пен Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары Марат Әзілханов қатысты.

Абай мен Пушкин ескерткіші Петропавл қаласында мәдени және тарихи маңызы зор нысандардың бірі саналады. Мұндай ұлы тұлғалардың рухына құмет көрсету іс-шаралары ұлы тұлғалардың мұрасын дәріптеп қана қоймай, жас ұрпақты отан сүйгіштікке, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бағалауға тәрбиелейді. Қатысушылар қос ақынның рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды.

СНХ:ЕСКЕНДІР ЕЛЕУСІЗОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ