Елімізде 1тамызда Ұлттық ауыл шаруашылығы санағы басталды. Маңызды іс-шара БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) 10-шы Дүниежүзілік ауыл шаруашылығы санағы бағдарламасы аясында өткізіледі. Ол өңір бойынша 87 мыңнан астам ауыл шаруашылығын қамтиды.Осыған орай, облыстық әкімдікте жиын өтіп, жұмыс барысы туралы баяндалды.

Санақ аясында облыста 6,4 мың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері және 80,8 мың үй шаруашылықтары қамтылады. Өңірде санақты өткізуге жәрдемдесу мақсатында облыстық және 13 аудандық комиссия құрылып, белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінге дейін барлығы 45-ке жуық отырыс өткізіліп, тиісті тапсырмалар берілген. Жиын барысында облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов өңірдің ауылшаруашылшығы саласындағы жетістіктері туралы баяндады.

СНХ:МАРАТ ТАСМАҒАНБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ


Ауыл шаруашылығы санағы елдің аграрлық саласы туралы нақты әрі өзекті деректерді жинауға мүмкіндік береді. Ол 2 кезеңде жүргізіледі: тамыздың 1-і мен 31-і аралығында онлайн сауалнама. Ал,екіншісі 20-шы қыркүйектен 20-шы қазанға дейін офлайн сауалнама.

СНХ:МАҚСАТ ТҰРЛЫБАЕВ, ҚР СЖРА ҰЛТТЫҚ СТАТИСТИКА БЮРОСЫНЫҢ БАСШЫСЫ


Онлайн санақ басталғаннан бері облыстағы ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері белсенділік танытып отыр. Бүгінгі күнге дейін 17 күн ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарының 80,5 пайызы санақтан өтті. Бұл өңір бойынша жоғары қамтылуды көрсетеді. Жиын соңында аудан әкімдері өз аудандары туралы ақпарат беріп, жүргізіліген жұмыстар туралы баяндады.