Солтүстік Қазақстандық жасөспірімдер Өскемен қаласында өткен Ғазиз Байтасов атындағы жас жол инспекторларының XX республикалық слётінде өңір намысын абыроймен қорғап, жүлделі үшінші орын иеленді. Жүлдегерлерді полицейлер, ұстаздар, ата-аналарымен туыстары сапаржайдан қарсы алды.

Іс-шара республикалық және халықаралық мәртебеге ие. Слетке Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінен келген қонақтар да қатысты. Мамлют қаласындағы №1 мектеп-гимназиясының «ЮИД-Контроль» командасы облыс намысын абыроймен қорғады. Олар тың жаңалықтарымен де бөлісті. Жол қозғалысы ережелері бойынша өз мектебі түсірген бейнероликтерге сілтеме беретін QR-коды бар кәмпиттер таратты. «ЮИД-Контроль» командасының негізгі құрамы пандемияға дейін құрылған. Айына кемінде екі рет олар бастауыш сынып оқушыларымен жол ережелерін үйрету сабақтарын өткізіп тұрады.

СНХР:Мереке Жанайым — «ЮИД-Контроль» командасының капитаны 

СНХР:Альмира Әділова — жас жол инспекторы 

СНХР:Алена Ковальчук — жас жол инспекторы


СҚО-да 200-ден астам жасақ жұмыс істейді, олардың құрамында 4 мыңнан астам оқушы бар. СҚО ПД жергілікті полиция қызметінің мамандары бұл қозғалыстың ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастырады.

СНХР:Гаухар Рамазанова — СҚО ПД ЖПҚБ инспекторы


Жұмыстың мақсаты — жаңа оқу жылы қарсаңында балалардың жолдағы қауіпсіздігін арттыру, өскелең ұрпаққа Заң мен Тәртіпке құрмет сезімін қалыптастыру.