Аққайың ауданына қарасты ауылдар аграрийлердің әлеуметтік жауапкершілігінің арқасында дамып келеді. Мәселен, Полтавка ауылында 900-ге жуық адам тұрады. Мұнда жергілікті серіктестіктің қолдауымен жаңа балабақша ашылып, мектеп пен мәдениет үйі жөндеуден өтті, көшелерге асфальт төселді. «Полтавское» ЖШС ауыл тұрғындарының өмір сапасын жақсарту үшін барын жасауда.

Жергілікті шаруашылық дәнді, дәнді-бұршақты, майлы және мал азықтық дақылдарды өсіруге, сондай-ақ сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіруге маманданған. Қазіргі уақытта аграрийлер үшін маңызды кезең – күзгі орақ науқанына дайындық жүріп жатыр.

Снхр: БАЯНБАЙ ДҮЙСЕНБЕКОВ БРИГАДИР


Полтавка ауылында мәдени өмір де қызу – мұнда ән де айтылады, би де биленеді. Ол үшін қажетті жағдайдың бәрі жасалған. Ауылда өмір сүру – жайлы әрі мәнді. Тұрғындар мұндағы тыныштықты, табиғатпен етене жақын болуды және таза, табиғи өмір салтын ерекше бағалайды.

Жергілікті кәсіпкер жыл сайын ауылды дамытуға және оның тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға қомақты қаржы құяды.

Әсем Әкімқызы, Наталья Аитова, Ерлан Махметов ЖҚ