Петропавлда пауэрлифтингтен қалалық чемпионат өтті. Жасөспірімдерден бастап ересектерге дейін, елуге жуық спортшы – VM GYM жаттығу залында өз күштерін сынап көрді. Бағдарлама үш классикалық жаттығудан тұрды.
Облыс орталығында пауэрлифтингтен қалалық чемпионат өтті. Жарысқа 14 жастан бастап, жас шектеуінсіз елуге жуық спортшы қатысты. Жарыс бағдарламасына зілтемір көтерудің үш классикалық түрі енгізілді.
СНХ:ГҮЛМИРА ЕҢСЕГЕНОВА – ЖАТТЫҚТЫРУШЫ
СНХ:ДМИТРИЙ КРЯЖЕВ – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
СНХ:ДМИТРИЙ КВАШНИН – ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ
Петропавлда пауэрлифтингтен қала чемпионаты тұрақты түрде VM GYM залдар желісінде өткізіліп келеді. Бұл жарыстар 7–15 қыркүйек аралығында Семейде өтетін ел чемпионатына іріктеу кезеңі болды.
СНХ:ВИКТОР ВЕРХОЗИН – БАС ТӨРЕШІ, ПАУЭРЛИФТИНГ БОЙЫНША СҚО-НЫҢ АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ
VM GYM әр адамға спорттық қабілетін дамытуға, денсаулығын нығайтуға және өзін үлкен команданың бір бөлігі ретінде сезінуге мүмкіндік береді. Мұнда мектеп оқушыларынан бастап спорт ардагерлеріне дейін барлық жағдай жасалған.
СНХ:АЛЕКСЕЙ ДЕОБОЛЬД – «VM GYM» ӨКІЛІ
Бүгінде Петропавлда 4 VM GYM залдар желісі бар. Мұнда спортқа алғаш қадам басқандарға қолдау көрсетіліп, спорттың әркімге қолжетімді екенін дәлелдейді.