Петропавл қаласында қазақ әдебиетінің жарық жұлдызы, ұлт ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылығына арналған «Мағжан орталығы» салтанатты түрде ашылды. Іс-шараға ҚР Премьер министрінің орынбасары Ермек Көшербаев, ҚР Ғылым және Жоғары білім министрі Саясат Нұрбек, Облыс әкімі Ғауез Нұрмұхамбетов және ақынның туыстары сондай-ақ, зиялы қауым өкілдері қатысты.
Мағжан орталығы мәдени-ағартушылық кешені ұлы ақынның өмірі мен шығармашылығын ұлықтап, жас ұрпаққа рухани тәрбие беруді мақсат етеді. Жаңа орталық Петропавлдағы тарихи нысандардың бірі – «Қалыңдық үйі» ғимаратында орналасқан.
СНХ: ЕРМЕК КӨШЕРБАЕВ, ҚР ПРЕМЬЕР - МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ
Мағжан орталығы – бұл тек бір тұлғаның есімін иеленген орын ғана емес, бұл – ұлттық сана мен рухты оятатын мәдени кеңістік. Ақынның «Мен жастарға сенемін!» деген үмітке толы жолдары бүгінде жаңа ұрпақтың жүрегінен орын табуда. Оған аға буын өкілдері кәміл сенеді.
СНХ: ҒАУЕЗ НҰРМҰХАМБЕТОВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ
Мәдени кешен 6 залдан тұрады. Әр бөлме ақынның өмірі мен шығармашылығына тән тұрмыстық заттармен жабдықталған. Мұнда Мағжанның жұмыс үстелі қойылған жеке кабинеті, семинарлар мен таныстырылымдарға арналған конференц-зал, архивтік құжаттарды зерттеуге арналған арнайы кабинет бар. Сондай-ақ, орталықта әдеби-шығармашылық және қоғамдық-саяси бағыттағы «Мағжан» журналының қызметіне арналған кеңістік пен ақынның мұрасын тереңірек тануға бағытталған «Мағжантану» әдеби клубының бөлмесі де қарастырылған.
СНХ: ЖАРАСБАЙ СҮЛЕЙМЕНОВ, МАҒЖАН ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШСІ
Ғимараттың қасында Мағжанның бала кезінде әкесімен бірге барып жүрген көне мешіт орналасқан. Салтанатты іс-шарада Мағжан Жұмабайдың туыстары орталықтың ашылуына үлес қосқан жандарға ерекше алғысын білдірді.
СНХ: МАРАТ МҮСЛІМОВ, М.ЖҰМАБАЙДЫҢ ТУЫСЫ
Аталған іс-шаралар арқылы орталық тек білім мен мәдениет ошағы ғана емес, сонымен қатар қоғамдық пікір қалыптастыратын маңызды платформа ретінде жұмыс істеуі көзделіп отыр.
СНХ: СӘУЛЕ МӘЛІКОВА, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Мағжан орталығы алдағы уақытта Петропавл қаласының мәдени және зияткерлік өмірінің жаңа тынысына айналмақ. Мұнда әдебиет пен өнерді, тарих пен руханиятты ұштастыратын түрлі көрмелер, ғылыми конференциялар, семинарлар мен шығармашылық кездесулер өткізу жоспарланған.