Таза Қазақстан экологиялық бағдарламасының аясында «Табиғат трендте» шығармашылық байқауы өтті. Жастар ресурстық орталығы мен Қалалық мәдениет үйі ұйымдастырған іс-шара барысында 5 команда бақ сынасты. Толығырақ тілші баяндасын.
Қоршаған орта, табиғат, туған жер тақырыбын басты идеяға алған қатысушылар ән шырқап, эко-материалдардан жасалған киім үлгілерімен сән көрсетті. Байқауды ұйымдастырушылардың бірі «Жастар ресурстық орталығының» маманы Нариман Тоқсанбаевтың айтуынша бұл іс-шараның басты мақсаты – табиғатты қорғау және қоршаған ортаны таза ұстау мәселелерін көтеру. Өскелең ұрпақтың эколоиялық мәдениетін қалыптастыру.
Снх: НАРИМАН ТОҚСАНБАЕВ, «ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ» МАМАНЫ
Жыл басынан бері облыс көлемінде Таза Қазақстан бағдарламасы аясында 830 іс-шара ұйымдастырылса, оның 250-ден астамы қала бойынша. Бүгінгі іс-шарада көрермендерге арналған шеберлік сыныптары да ұйымдастырылды. Қайта өңделген материалдардан – түрлі бұйымдар, пластикалық бөтелкелерден – ойыншықтар, сонымен қатар экоплакаттар мен эко сөмкелер жасау бойынша шеберлік сабақтары өтті.
Снх: АЛЕКСАНДР ЗЕЛЬ, «AMANAT» ПАРТИЯСЫНЫҢ «БОЛАШАҚ» ФИЛИАЛЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ХАТШЫСЫ
Қазылар алқасы бағалау кезінде қатысушылардың креативтілігін, шығармашылық көзқарасын, экологиялық қайта өңделген заттарды қолдануын есепке алды.
Снх: НАТАЛЬЯ КОЗЛОВСКАЯ, «ТОМИРИС» СӘН ТЕАТРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ
Іс-шара соңында жеңімпаздар мен қатысушыларға белсенділігі, шығармашылығы және қаланың экологиялық мәдениетін дамытуға қосқан үлесі үшін естелік сыйлықтар табысталды.