Петропавлдағы динамо стадионында полиция қызметкерлері журналисттер мен блогерлерге жол жүру ережелерін бұзушылықтарды тіркеудің мобильді кешендерінің жұмысын, соның ішінде «жасырын патрульдеу» жүйесінің жұмысымен таныстырды.

Жыл басынан бері облыста 316 жол-көлік оқиғасы тілкеліп, салдарынан 24 адам мерт болды. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше жол апаттарының жартысынан астамы – жылдамдықты асырудың салдарынан болады. Сондай ақ апаттардың негізгі себебі бағдаршамның қызыл түсіне өту, қарсы жолаққа шығу, мас күйінде көлік жүргізу. Осы жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін полиция қызметкерлері мобильді кешендерді іске қосты.

СНХ:СЕРІК ӘЛЖАНОВ, СҚО ПД ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ:


Наурыз айынан бастап «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолының 41 шақырымдық учаскесінде орташа жылдамдықты өлшейтін «Argus» аппараттық-бағдарламалық кешені пилоттық режимде орнатылды. Полиция қызметкерлері бұл кешен орнатылған жерлерде бірде-бір салдары ауыр жол апаты тіркелмегенін атап өтті.


Іс-шара барысында жол жүру ережелерін бұзушылықтарды тіркейтін кешеннің мүмкіндіктерімен таныстырды. Журналисттер мен блогерлер полиция қызметкерлерімен бірге патрульдеуге қатысып, олардың қалай жұмыс істейтінін көрді.