Солтүстік Қазақстанда экологияны қорғауға бағытталған тың бастамалар жалғасын тауып келеді. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында бүгін Петропавлда ашық аспан астында ерекше экологиялық іс-шара өтті. Ұйымдастырушылар – «Біргеміз» фронт-офисі мен жасыл ел SKO штабы.
Мақсат– қоршаған ортаны қорғау мәселесіне қоғам назарын аудару, әсіресе жастардың экологиялық ойлау қабілетін дамыту. Экологиялық ойын форматында өткен іс-шарада эко-рулетка, «тілек ағашы» мен қоқысты сұрыптау бұрыштары ұйымдастырылды.
СНХР:СӘЛІМХАН СӘБИТОВ, «БІЗ БІРГЕМІЗ» ФРОНТ-ОФИСІНІҢ ҮЙЛЕСТІРУШІСІ
Әр қатысушы тапсырма орындап, қоршаған ортаға қатысты білімін көрсетіп, символикалық сыйлыққа ие болды.
СНХР:ҰЛЖАН СҰЛТАНҒАЗИЕВА, ПЕТРОПАВЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ
Жыл басынан бері облыс бойынша 850-ден астам, ал Петропавл қаласында 140-тан астам экологиялық іс-шара өткен. Жыл соңына дейін тағы да бірқатар экологиялық форум мен интерактивті жобалар жоспарланған.