Тамыздың 15-22 аралығында өңірлік SKO IT-хабта TechnoWeek апталығы өтуде. Аталмыш апталықта еліміздің түкпір-түкпірінен 10 спикер жиналып, пайдалы тренингтер мен конференциялар өткізеді. Қатысушылар ең өзекті цифрлық құралдар, жасанды интеллект, контент жасау, жеке брендті дамыту және өз IT-жобаларын іске қосу туралы ақпарат ала алады.
ЗБағдарлама TechnoWomen өңірлік тренингінен басталды. Мұнда IT саласындағы танымал спикерлер дәріс оқып, табысқа жету жолдарымен бөлісті. Іс-шараның мақсаты қыз-келіншектерді технологиялық индустрияға тартуға және әйел кәсіпкерлерді цифрлық трансформация, электрондық коммерция және стартап-қозғалыс туралы хабардар етуге бағытталған шабыттандыратын шеберлік сыныптары мен білім беру тренингтерін өткізу болды.
СНХ:Әлия Оразымбетова, «TechnoWomen» КЕҰ басқарма мүшесі.
Іс-шара барысында пікірталас алаңдары ұйымдастырылды, онда қатысушылар цифрлық инновациялардың болашағы және технологиялық индустриялардағы әйелдердің рөлі туралы өз көзқарастарымен бөлісті. Тренинг сонымен қатар IT саласындағы кәсіпкер әйелдер мен мамандар арасында жаңа байланыстар орнатуға және кәсіби байланыстарды нығайтуға мүмкіндік берді.
СНХ:Нұргүл Болатова, SKO Hub өңірлік IT-хабының директоры, InHub бизнес-инкубаторының негізін қалаушы.
Бір айта кетерлігі – барлық тренинг тегін өтеді. SKO hub инстаграм парақшасында тіркеліп, барлық ақпаратты онлайн форматта алуға да мүмкіндік бар.