Облыстық қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтті. Жиында өңір тұрғындары үшін маңызды екі мәселе қаралды. Алдымен жолаушылар тасымалы саласындағы түйткілдер сөз болды. Кейін салықтық түсімдерді арттыру арқылы облыстық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту және қосымша қаражатты маңызды бағыттарға бөлу мәселесі талқыланды.

Облыстық қоғамдық кеңестің отырысы өтті. Жиында 2 мәселе қаралды. Алғашқы баяндамашы - жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары Мирхат Әбілмәжінов. Салада шешуді қажет ететін түйткіл бар. «Конюхово-Петропавл» бағыты бойынша қытынап, кызмет көрсету тиімсіз көрінеді. Тасымалдаушы субсидия түрінде қолдау көрсетуді сұраған.

СНХ:МИРХАТ ӘБІЛМӘЖІНОВ, СҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары


Мирхат Әбілмәжіновтың ұсынысын кеңес мүшелері мұқият тыңдады, жіті талқылады. Ұсыныс қолдау тапты. Енді басқарма әрмен қарай тиісті жұмыстармен айналысады, бірер айда тасымалдаушыға субсидия төленуі тиіс. Ендігі мәселе - салықтық түсімдерді ұлғайту есебінен облыстық бюджеттің кіріс бөлігін ұлғайту. Болжам бойынша жылдың соңына қарай қазына 5,6 млрд теңгемен толығады. Тиісінше, қомақты қаражатты қажет ететін бағыттарға бөлуге болады.

СНХ:ӘЛИЯ ӘЙКЕНОВА, СҚО қаржы басқармасы басшысының орынбасары