Қазақстанда спорт күні дәстүрге сай тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтеді. Кәсіби мереке қарсаңында осы салада көп жылдар бойы еңбек етіп, спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар спортшылар мен ардагерлер марапатқа ие болды.

Бүгінде өңір халқының 43 пайызы, яғни 225 мыңнан астамы спортпен жүйелі түрде шұғылданады. Олардың ішінде 49 мыңнан астам бала тегін спорттық үйірмелерге қатысады. Жалпы алғанда, спортпен айналысатын солтүстікқазақстандық балалар мен жасөспірімдердің саны 102 мыңнан асады.

СНХ:ҚАНАТ ДҮЗЕЛБАЕВ, СОЛТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ


Спорт – тек денсаулықтың ғана емес, ұлт рухының да кепілі. Солтүстікқазақстандық спортшылардың жетістіктері жас буынға үлгі болып, облыстың абыройын асқақтатып келеді.Олардың бірқатары салтанатты іс-шарада арнайы марапатқа ие болып, құрметке бөленді.


СНХ:АЛТЫНБЕК АУСАҒИТОВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ДӘРЕЖЕДЕГІ СПОРТ ШЕБЕРІ


СНХ:ЕРЛАН ӘБІЛҚАЙЫРОВ, ЕСІЛ АУДАНЫНЫҢ БЖСМ ДИРЕКТОРЫ


Айыртау ауданының тұрғыны Қажығали Бадывмовтың жасы – 63 –те. Ол аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде еркін күрестен жаттықтырушы болып жұмыс істейді. Өзінің 40 жылдан астам ғұмырын осы салаға арнаған. Мерекеде ардагер спортшы ҚР Туризм және спорт министрлігінің «Дене шынықтыру және спортты дамытуға сіңірген еңбегі үшін» төс белгісімен марапатталды.

СНХ:ҚАЖЫҒАЛИ БАДЫМОВ, АЙЫРТАУ АУДАНЫНЫҢ БЖСМ ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ


Өңірде спорт саласы жақсы дамып келеді. Қазір өңірде 2 126 спорт нысаны жұмыс істейді. Олардың ішінде Александр Винокуров атындағы Спорт сарайы, үстел теннисі орталығы, 13 стадион, 20 дене шынықтыру-сауықтыру кешені және 18 жабық хоккей алаңы бар.Соңғы екі жылда 7 жаңа спорт кешені мен 6 жабық хоккей алаңы салынды.Стадиондарға құрылыс жүргізіліп, қайта жаңарытлды. Бүгінде облыста жаңа спорт кешендері, жүзу бассейндері мен мұз ареналары салынып жатыр. Бұл – тұрғындардың спортпен айналысуына жақсы мүмкіндік береді.