Бәйтерек ауылы маңындағы оқыс төгетін орын жабылды. Қызылжар ауданына қарасты Бескөл ауылдық округіндегі тұрмыстық қалдықтарға арналған 4 гектар учаске толып, қазіргі таңда рекультивация жұмыстары жүріп жатыр.

2004 жылдан бері пайдаланылып келген қоқыс алаңының сыйымдылығы шектен тыс асып кеткен. Ауыл әкімдігінің мәліметінше, бұл аумаққа енді қалдықтарды шығару мүлде тоқтатылған. Қазіргі уақытта жаңа қоқыс төгу орнына қатысты заңдастыру жұмыстары жүргізілуде. Құжаттар толық рәсімделіп болған соң, жаңа орын ресми түрде іске қосылады. Ал әзірге тұрғындарға Шаховское ауылының маңындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын пайдалануға кеңес беріледі. Жергілікті әкімдік өкілдерінің айтуынша, бұрынғы орынға қоқыс төгуді жалғастырған азаматтарға заң аясында айыппұл салынады. Сондықтан тұрғындардан талап — белгіленбеген жерлерге қалдық төкпеу, экологияға зиян келтірмеу.

СНХР: НҰРСҰЛТАН ХУАТОВ, ҚЫЗЫЛЖАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ