Солтүстік Қазақстан облысында ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу саласы қарқынды дамып келеді. Соның бір мысалы – Аққайың ауданындағы май зауыты. Кәсіпорын күніне 30 тоннадан астам сүт қабылдайды. Нәтижиесінде өңірдің сүт өнімдері нарығында тұрақты жұмыс істеп қана қоймай, экспорттық бағытта да табысқа жетіп отыр.
«Ростан» компаниясы нарықта 30 жылдан бері белгілі. Кәсіпорында сүт өңделіп, дайын өнім – сары май, ірімшік пен спред Қазақстан мен Ресей Федерациясына экспортталады.
СНХ:ИГОРЬ ТАРАНЕНКО, «РОСТАН» ЖШС ДИРЕКТОРЫ
Зауытта 50-ге жуық адам еңбек етеді. Өндірісте технология қатаң сақталады, бұл өнімнің табиғи қасиеттерін жоғалтпай сақтауға мүмкіндік береді. Шикізат аудан шаруашылықтарынан және жеке қожалықтардан сатып алынады.
СНХ:ЕЛЕНА ХАЛИЛОВА, МАЙ ЦЕХЫНЫҢ ШЕБЕРІ
Сары май өндіру технологиясы үш кезеңнен тұрады: шикізаттан майлылықты бөліп алу, оның құрамын біркелкі араластыру және пластикалық түрге келтіру.
Аққайың ауданындағы май зауытының жұмысы – ауыл шаруашылығы өнімдерін тиімді өңдеудің айқын үлгісі. Сапалы өнім шығару арқылы кәсіпорын жергілікті тұрғындарды жұмыспен қамтып қана қоймай, өңір экономикасының дамуына да үлес қосып отыр.