Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер ҚР ІІМ Кеңесшілер кеңесінің мүшесі Александр Саванковпен кездесті. Ол 2006-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментін басқарған. Толығырақ – облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің материалында.
СҚО полиция департаментіне Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің еңбек сіңірген қызметкері, ІІМ Кеңесшілер кеңесінің мүшесі, зейнеттегі полиция полковнигі Александр Саванков арнайы келді. Айта кетейік, ол 2006-2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысының ішкі істер департаментін басқарған. Сапар ведомстволық музеймен танысудан басталды. Бұл – ІІМ жүйесіндегі үздік музейлердің бірі саналады.
Сонымен қатар Александр Саванков 2007 жылы өзі басшылық еткен тұста ашылған Жедел басқару орталығының жұмысымен танысты.
Ардагерлермен өткен кездесуге СҚО ПД бастығы Айдын Қабдұлдинов төрағалық етті, Александр Саванков тәлімгерлік институтының маңызына тоқталды. Ол өзінің еңбек жолының басында тәжірибелі тергеушілерден көрген қолдауын жылы еске алды.
Облыстық ПД Кеңесшілер кеңесінің бастамасымен полиция қызметкерлерінің жастармен кездесулері жарқын әрі мазмұнды іс-шараларға айналды. Онда арнайы мақсаттағы бөлімшелер мен кинологтардың көрсетілімдері, полиция жабдықтарының көрмелері ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Петропавл мектептерінде кеңес бастамасымен «Жас сақшы» атты екі полиция сыныбы ашылып, оқушылар ІІМ оқу орындарына түсуге дайындалып жатыр. Сапар жас қызметкерлермен кездесумен аяқталды. Александр Саванков жас мамандарды тәжірибелі әріптестерінен үлгі алуға, өз мамандығына және қызметтік парызына адал болуға шақырды. Ол «Заң және Тәртіп» идеологиясы аясында халық пен мемлекетке қалтқысыз қызмет ету – басты ұстаным болу қажет екенін атап өтті.