Алдағы жылыту маусымына Солтүстік Қазақстан облысына 620 мың тонна көмір қажет. Оның 400 мың тоннасын тұрғындар тұтынады. Өңірде көмір қорын жинау жұмыстары қалай жүзеге асырылып жатыр? Бағасы қаншалықты өзгерді? Бұл сауалдарға жауапты келесі бейнематериалымыздан білесіздер.

Қазір облыс бойынша көмір саудасымен айналысатын 45 сату орны бар. 36 түсіру алаңы жұмыс істеп тұр. Олардың төртеуі Петропавл қаласында орналасқан. Бүгінде тұрғындар үшін 115 мың тонна көмір қоры дайындалды. Ал бюджеттік мекемелерге қажетті 140 мың тоннаның 80 мыңы ғана жеткізілген.

СНХР: ҚУАНДЫҚ ШОКУБАЕВ — ЭНЕРГЕТИКА ЖӘНЕ ТҮКШ БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


Сонымен қатар, кеңінен тұтынылатын Шұбаркөл көмірінің құны орта есеппен 1500 теңгеге өскен. Сарапшылар мұны Қазақстан темір жолы тарифтерінің қымбаттауымен байланыстырады.

СНХР: МҰРАТХАН ТҰРМҰХАМБЕТОВ – «UMIT TRADE» ЖШС МЕНЕДЖЕРІ


Дегенмен көмір тасымалы белгіленген кестеге сай жүргізіліп жатыр.