Оқушылар сарайындағы “Жазғы академия” лагері қызу жұмысын жалғастыруда. Қазіргі таңда төртінші маусым өтіп жатыр. Бұл жоба жазғы демалыс уақытында балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға бағытталған. Мұнда әр бала өз қызығушылығы мен қабілетіне қарай түрлі үйірмелерге қатысып, шығармашылықпен айналысуға, жаңа дүниеге үйренуге мүмкіндік алады.

Оқушылар сарайында өтіп жатқан «MIX» жазғы академиясыдағы ағылшын тіліндегі ерекше қызықты іс-шара - «Эльдорадоға апарар жол» квесті. Ойынға 5 команда қатысып, түрлі тапсырмалар орындады. Балалар ағылшын әліпбиі, түстер мен етістіктерге байланысты жаттығуларды қозғалыс пен ойын арқылы үйренді.

СНХ: ИНЕШ КӨШЕҒАЛИНА, ОҚУШЫЛАР САРАЙЫНЫҢ ӘДІСКЕРІ


Қатысушылар секіріп, жүгіріп, ағылшынша сөйлеп, командамен жұмыс істеуді үйренді. Ойын оқушылардың тілге деген қызығушылығын арттырып, жазғы академияның есте қаларлық оқиғасына айналды.

Тамыз айында Жазғы академия өз жұмысын жалғастырады. Әр маусымның ұзақтығы — екі апта. Биыл бұл жобамен екі мыңнан астам баланы қамту көзделіп отыр.