Петропавл қаласының құрылғанына биыл 273 жыл. Үш ғасырға жуық тарихы бар шаһарымыздың әр көшесінен көне ғимараттарды кездестіруге болады. Тарихтан сыр шертер сәулет құрылыстары бүгінде қала көркіне ерекше сән береді.
Қаланың орталық алаңында көпес Турлаповтың үйі орналасқан. Ғимарат 1900 жылы күйдірілген кірпіштен салынған, сол дәуірдің сәнді сәулетті нысандарының бірі болып табылда. Сол жылдары бұл жерде шағын қой терісін өңдейтін зауыт болған.
СНХ: ӘЛИ ТҰРЫСОВ, ТАРИХИ-МӘДЕНИ МҰРАНЫ ҚОРҒАУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ
СНХР: ПЕТР ЛАХЕТА, «ҚАСИЕТТІ ҮШТІК» РИМ-КАТОЛИК ШІРКЕУІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ
Тарих – бұл тек оқулықтарда жазылған құнды дүние ғана емес, бүгінгі күн, ертеңгі тарих. Мұраны сақтау – өз өткеніңді еске алып, қадірлеу деген сөз.