«Ботай» арт-галереясында алматылық суретші Шамиль Гулиевтің жеке көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Экспозицияда автордың түркі халқының өткені мен бүгіні арасындағы рухани байланысты бейнелейтін туындылары ұсынылды.

Шамиль Гулиев өз картиналарында ертегі мен аңыздардағы кейіпкерлерді салып, түркі халықтарының салт-дәстүрі мен мәдениетін көрсетеді. Көрмеге қойылған бұл жұмыстарды ол 2003 жылы салған. Бұл туындыларда түркі халықтарының мифтері мен аңыздары ерекше бейнеленген.

СНХ: АЙШАБИБІ ХАДЕСОВА, ЭКСКУРСИЯ ЖҮРГІЗУШІ


Суретшінің шығармалары ассамбляж техникасымен жасалған. Ол шығармаларында жүн, былғары, қауырсын, моншақ және маржанды қолданады. «Тұран маркалары» сериясынан басқа, көрмеде 4 майлы бояумен салынған картина мен 2 мүсін де бар.

СНХ: ВЯЧЕСЛАВ СМИРНОВ, СУРЕТШІ


Көрмені тамашалауға халық көп жиналды. Қонақтар Шамиль Гулиевтің ерекше шығармашылық әлеміне терең бойлады.