Өңірімізде түрлі салада еңбек етіп, өз ісінің шебері атанған жандар аз емес. Бүгінгі сюжетіміздің кейіпкері жұмысшы мамандығын таңдаған жас азамат. Өзінің табандылығы мен еңбексүйгіштігінің арқасында ол кәсібін меңгеріп қана қоймай, туған жерінің дамуына үлес қосып келеді. Оның еңбек жолы жастарға үлгі боларлықтай.


Владимир Угляница Шал ақын ауданына қарасты Ольгинка ауылында тұрады. Жасы 25-те. Мамандағы дәнекерлеуші. Ол Петров аграрлық-техникалық колледжінүздік тәмәмдап, 4-разряд иегері атанған. Жұмысшы мамандығын таңдауына отбасы әсер еткен. Владимирдің әкесі механизатор, ал ағасы тракторшы.

СНХР: ВЛАДИМИР УГЛЯНИЦА, «АЛЬБЕРТ» ШҚ ДӘНЕКЕРЛЕУШІСІ


Қазір Владимир «Альберт» шаруа қожалығында еңбек етеді. Дәл осы жерде өндірістік тәжірибеден өткен, ал колледжді аяқтаған соң білікті маман ретінде қайта оралған. Оны жігерлендіретіні істің практикалық жағы. Яғни процесті бақылау, өз қолымен бұйым жасау, техниканың тілін табу. Владимир үшін ең бастысы істеген жұмысының сапалы болып шығуы.

СНХР: ВЛАДИМИР АЛЬБЕРТ, «АЛЬБЕРТ» ШҚ БАСШЫСЫ


Бүгінде Владимир Угляница тек дәнекерлеуші ғана емес. Ол егіс науқаны басталғанда трактор тізгініне отырып, дән себумен айналысады. Ал. орақ науқанынан кейін әріптестерімен бірге жер жыртады, қыста ауылшаруашылық техникаларын жөндеп, келесі маусымға мұқият дайындайды.

СНХР: ВЛАДИМИР УГЛЯНИЦА, «АЛЬБЕРТ» ШҚ ДӘНЕКЕРЛЕУШІСІ


Владимир бұл саланың өзіне ерекше шабыт сыйлайтынын айтады. Болашақта кәсіби деңгейін одан әрі арттыруды жоспарлап жүр. Ал уақыт өте келе өз ісін ашу мүмкіндігін де жоққа шығармайды.