Солтүстік Қазақстанда он полиция қызметкеріне кезекті арнайы шен табысталды. Салтанатты сапқа тұрғызуға рәсіміне жедел қызмет, учаскелік полиция, кезекші бөлімдер, конвой взводы, қаржылық қамтамасыз ету басқармасы мен полиция госпиталінің қызметкерлері қатысты.
Департамент бастығы, полиция генерал-майоры Айдын Қабдұлдинов әр офицерге жаңа погондарын табыстап, қызмет жолындағы маңызды кезеңмен құттықтады.
Департаментте кезекті арнайы шенді табыстау әр айдың басында өткізіледі. Облыстық полиция басшысынан погон алу – қызметкерлер үшін ерекше жігерлендіретін оқиға. Салтанатты іс-шарадан кейін офицерлер қоғамда «Заң мен Тәртіп» идеологиясын нығайтуға бағытталған қызметтеріне кірісіп кетті.