Тіл – ұлттың жаны десек, оны жүрегімен қабылдап, құрмет тұтатындардың арасында өзге ұлт өкілдерінің болуы еліміздің бейбіт өмірінің, бірлігінің жарқын көрінісі. Солардың бірі украин этносының өкілі, полиция инспекторы Виктория Вьюшкина. Ол бала кезінен қазақ топырағында өсіп, қазақ халқымен бірге тыныстап келеді. Кейіпкеріміз өзінің қазақ тілін еркін меңгеріп, таза сөйлей білуін ең алдымен әжесінің ықпалы мен тәрбиесінің жемісі деп біледі.
Қазіргі таңда Виктория ішкі істер саласында, нақтырақ айтқанда, полиция инспекторы ретінде қызмет атқарып жүр. Оның басты міндеті – қоғамдық тәртіпті сақтау, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Өз жұмысында ол қазақ тілінде сөйлейтін азаматтармен еш қиындықсыз тіл табысып, олардың мәселесін тыңдап, жедел әрекет етеді.
СНХР: ВИКТОРИЯ ВЬЮШКИНА, ҚАЛАЛЫҚ ПБ БІРІНШІ ПБ ЖПҚБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Бүгінде Виктория Вышкина – тек тәртіп сақшысы ғана емес, қоғамда бейбітшілік пен ұлтаралық келісімді нығайтуға үлес қосып жүрген белсенді азамат. Қазақ тілінде таза сөйлеп, халықтың мұң-мұқтажын естіп, әділдік пен заң үстемдігін сақтаудағы еңбегі – көпке үлгі. Ол өз отбасында да, мектеп қабырғасында да қазақ тілін еркін меңгеруге тырысқан. Бұл – оның тек тілге деген қызығушылығы ғана емес, сонымен қатар қазақ халқына, оның мәдениеті мен салт-дәстүріне деген терең құрметінің белгісі.
СНХР: ВИКТОРИЯ ВЬЮШКИНА, ҚАЛАЛЫҚ ПБ БІРІНШІ ПБ ЖПҚБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Виктория Вышкинаның өз кәсібіне деген адалдығы, еңбекқорлығы және мемлекеттік тіл – қазақ тіліне деген ерекше құрметі оның жұмыс ортасында, яғни әріптестері мен басшылық тарапынан жоғары бағаланып жүр. Ол қазақша сөйлеп қана қоймай, Абай мұрасына ерекше құрметпен қарайды. Дана Абайдың өлеңдерін, қара сөздерін сүйіп оқиды, тіпті көп бөлігін жатқа біледі.
СНХР: ВИКТОРИЯ ВЬЮШКИНА, ҚАЛАЛЫҚ ПБ БІРІНШІ ПБ ЖПҚБ УЧАСКЕЛІК ПОЛИЦИЯ ИНСПЕКТОРЫ
Виктория Олеговна – бірлік пен татулықты ту еткен көпұлтты Қазақстан қоғамының жарқын үлгісі. Оның мемлекеттік тілге деген сүйіспеншілігі, қызметіне адалдығы мен халыққа жанашырлықпен қарайтын қасиеті – елге деген шынайы патриотизмнің көрінісі.