Облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес өңір мектептерінде асханалар тексеріліп жатыр. Межведомствалық комиссия жұмыс жүргізуде. Сонымен қатар әр мектепте басшының төрағалығымен және ата-аналардың қатысуымен бракераждық комиссия құрылған.
Мектеп басшылығының тарапынан тиісті бақылау болмағандықтан Абай атындағы мамандандырылған қазақ мектеп-гимназиясының директоры қызметінен босатылды. Оқушыларды тамақтандыру қызметін көрсеткен кәсіпкермен келісім-шартты бұзу рәсімі басталды. Жақын арада мектептегі тамақтандыру қызметтерін көрсетуге арналған жаңа конкурс жарияланатын болады. Жағдай облыс әкімінің жеке бақылауында.