«Жас өркен» шағынауданындағы №1 қалалық емханада кезекті «Ашық есік күні» өтті. Іс-шараға әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының облыстық филиалы мамандары қатысып, тұрғындарға МӘМС жүйесіне қатысты жаңашылдықтар туралы түсіндірді.
«Ашық есік күнінде» қала тұрғындары мамандарға жүгініп, қан қысымын өлшеп, қандағы холестерин мен қант деңгейін тексеруге мүмкіндік алды. Денсаулығын тексертуге келгендер аз болмады. Мұндай акцияларды №1 қалалық емхана ай сайын ұйымдастырады. Бұл жолғы іс-шарада медицина қызметкерлері азаматтарды түрлі жұқпалы инфекциялар және Міндеті әлеуметтік медициналық сақтандыру заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар етуге баса назар аударды. Акция барысында тұрғындарға ақпарат берген Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өкілдері Міндеті әлеуметтік медициналық сақтандыру пакетіне енгізілген жаңашылдықтар мен алдағы өзгерістерді түсіндіріп өтті.
СНХР: ҚАРЛЫҒАШ ІЛИЯСОВА, «ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ» КЕАҚ СҚОФ ХАЛЫҚТЫ АҚПАРАТТАНДЫРУ ЖӘНЕ ӨТІНІШТЕРДІ ҚАРАУ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ