Халықаралық «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы белсенді іс-қимылдың 16 күні» науқаны аясында Александр Винокуров атындағы спорт сарайында қыздарға арналған өз-өзін қорғау бойынша шеберлік сабағы өтті. Іс-шараға еріктілер, полиция қызметкерлері, қоғамдық және спорттық ұйымдардың өкілдері қатысты.

Шеберлік сабағына түрлі салада еңбек ететін қыз-келіншектер қатысты. Олар үшін арнайы бірегей тәсілдер әзірленді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, бұл осы форматтағы алғашқы шара емес.

СНХ: ЕЛЕНА СЕМИДОЦКИХ – ҚР ПРЕЗИДЕНТІ ЖАНЫНДАҒЫ ӘЙЕЛДЕР ІСТЕРІ ЖӘНЕ ОТБАСЫЛЫҚ-ДЕМОГРАФИЯЛЫҚ САЯСАТ ЖӨНІНДЕГІ ҰЛТТЫҚ КОМИССИЯНЫҢ МҮШЕСІ


Шара барысында қатысушыларға төтенше жағдайда дұрыс әрекет ету, өзін қорғау үшін қарапайым тәсілдерді пайдалану, сондай-ақ қауіп төнген сәтте көмек шақыру жолдары түсіндірілді. Нұсқаушылар қауіпті жағдайда ең әуелі жағдайды бағалап, әрі қарай не істеу керектігін көрсетті.

СНХ: ВИКТОРИЯ ВИТЧЕНКО – КЕКУШИНКАЙ КАРАТЕ ЖАТТЫҚТЫРУШЫ-НҰСҚАУШЫСЫ


Іс-шараға 70-тен аса қыз-келіншек қатысты. Ұйымдастырушылардың айтуынша шеберлік сабағына қатысуға ниетті жандардың саны жыл сайын артып келеді. Мұндай сабақтар нәзік жандардың өздерін әлдеқайда сенімді әрі қауіпсіз сезінуіне көмектеседі.