Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ерекше қажеттілігі бар балаларды кешенді қолдау туралы жаңа заң дайындауды тапсырды. Сондай-ақ, оларға арналған оңалту орталықтары әр өңірде болуы керек екенін айтты. Осы орайда, Петропавлда «Қазақстан халық партиясы» арнайы дөңгелек үстел өткізді. Оған 30-дан астам адам қатысып, инклюзивті білім беруді дамыту және т.б мәселелерді талқылады.

Облыста 5 мыңнан астам ерекше қажеттілігі бар бала бар. Ал, өңірде оларға көмек көрсететін 26 арнайы білім беру орталығы жұмыс істейді. Мамандардың сөзінше, ерекше диагнозы бар балалардың саны жыл санап артып барады.

СНХ: БОЛАТ ҚОЖАХМЕТОВ, «ҚАЗАҚСТАН ХАЛЫҚ ПАРТИЯСЫ» ҚБ СҚОФ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ


«Тренинг центр көмек» түзету-дамыту орталығы ерекше қажеттіліктері бар балалар мен олардың отбасыларына көмек көрсетіп келеді. Қазіргі таңда орталыққа 80 бала келіп жүр. Олармен 20-ға жуық білікті маман жұмыс істейді.

СНХ: ҒАЛИЯ БАЯЗИТОВА, «ТРЕНИНГ ЦЕНТР КӨМЕК» ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ


Қазақстан Халық партиясы 2004 жылы құрылған. Содан бері әлеуметтік мәселелерді шешумен белсенді айналысып келеді.