Солтүстік Қазақстан облысы Шал ақын ауданына қарасты Көктерек ауылының 130 жылдық мерейтойы осы өлкенің тұрғындары үшін үлкен мерекеге айналды. Бұл күн - туған жерден алыста жүрсе де, байланысын үзбеген жерлестерді біріктірген ерекше оқиға болды. Бір күнге ауыл мерекелік көңіл-күйге, тарих пен халық дәстүріне деген құрметке толы орталыққа айналды.
Шал ақын ауданына қарасты Көктерек ауылында елді мекеннің 130 жылдық мерейтойына арналған ауқымды іс-шара өтті. Бұл салтанатты күн ауыл тұрғындарын ғана емес, басқа ауылдардан келген қонақтарды да біріктірді. Көктерек - жай ғана елді мекен емес, бұл өңірдің шежіресі. 1895 жылы іргесі қаланып, алғашында «Тереңсай» деп аталған. Ал 1935 жылдан бастап қазіргі атауға ие болды.
Салтанатты жиында аудан әкімі Қайрат Омаров құттықтау сөз сөйледі.
СНХ: Қайрат Омаров, Шал ақын ауданының әкімі
Мерекеге ауыл тұрғындарымен қатар, туған жерінен ұзап кеткен, бірақ байланысын үзбеген азаматтар да арнайы келді. Қонақтардың арасында - осы ауылда туып-өскен Жұбан Құсайынов та бар. Оның айтуынша, белсенді жерлестердің бастамасымен өте шынайы, жүрекке жылы кездесу орын алып отыр.
СНХ: Жұбан Құсайынов, Көктерек ауылының тумасы
Мерейтойға Базарбаевтар әулеті де арнайы келді. Олар тарихи жерде жиналып, ата-бабалар рухына тағзым етті. Бір кездері олардың аталары тұрған жерде киіз үй тігілді. Жәнібек Базарбаев үшін Көктерек – тек картадағы нүкте емес, бұл – тамыр тартқан туған жер, рухани сабақтастықтың белгісі.
СНХ: Жәнібек Базарбаев, Көктерек ауылының тумасы
Мерейтой аясында ауылдың гүлденуіне үлес қосқан, ұйымдастыру жұмыстарына белсенді қатысқан азаматтар марапатталды. Оларға алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табысталды.