Солтүстік Қазақстан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінде шомылу маусымы қарсаңында су айдындарындағы қауіпсіздікке арналған баспасөз конференциясы өтті. Төтенше жағдайлар департаментінің өкілдері өзен- көлдердегі жаға-жайлардаа қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігін еске салды.

Жаз басталып,шомылу маусымы ашылған соң мамандар су айдындарындағы қауіпсіздік мәселелеріне тағы да назар аударып отыр. Облыс аумағында 2 мыңнан астам көл, шамамен 60 -қа тарта шағын өзен мен жүзден астам жасанды тоғандар бар.

СНХР: РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ


Соңғы 10 жылда рұқсат етілген шомылу орындарында бірде -бір қайғылы оқиға тіркелген жоқ. Алайда құтқарушылар қауіпсіздік ережелерін естен шығармауды ескертеді.

СНХР: РИЗАБЕК ТЕМІРБЕКОВ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС БАСҚАРМАСЫНЫҢ АҒА ОФИЦЕРІ


Күн ысып өзен-көлдерде шомылушылар қатары артты. Сондықтан құтқарушылар демалыс орындарында қауіпсіздік ережелері қатаң сақталуы керектігін ескертеді.