Халықпен біте қайнасқан қастерлі еңбек иесі – медицина қызметкері болу – мәртебелі де жауапты мамандық. Елімізде маусым айының үшінші дүйсенбісі медицина қызметкерлері күні ретінде кеңінен атап өтіледі. Бұл – дертке дауа, тәнге саулық сыйлайтын ардақты мамандық иелерінің еңбегі еленетін ерекше күн. Өңірімізде де осы салаға жан-тәнімен берілген, өз ісіне адал мамандар аз емес.

Ақ халатты абзал жандар – адам өмірінің сақшысы, сауапты еңбектің иесі. Олар Гиппократ антына адалдықпен қарап, әр науқастың жүрегіне үміт пен сенім ұялатады. Сол жанашыр жандардың бірі – мейірбике Гүлжан Нүрпейісова. Ол бар болғаны 22 жасында, 2001 жылы гематология бөлімшесінде еңбек жолын бастап, содан бері осы салада үздіксіз қызмет етіп келеді. Омбы облысы, Назыбаев ауданы, Лорис-Меликово ауылында дүниеге келген Гүлжан Хайыртайқызы бала кезінен өзін тек медицина саласымен байланыстырғысы келген. Ақ халаттыларға тән мейірім мен жанашырлық оның болмысына ерте сіңіп, бұл мамандықты жүрек қалауымен таңдады.

СНХР: ГҮЛЖАН НҮРПЕЙІСОВА, СҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕЙІРБИКЕСІ


Гүлжан Хайыртайқызының, гематология бөлімінің табалдырығын алғаш аттаған сәттен өмірінде үлкен өзгерістер басталғанды. Себебі оқу орнын енді ғана тәмамдап келген жас маман үшін бұл мүлде беймәлім әлем еді. Алғашқы кезде жүрексіну, қорқыныш та болды, алайда үйренетін нәрсе көп екенін түсінді. Осы ортада тәжірибе жинап, кәсіби мамандығын шыңдады.

СНХР: ГҮЛЖАН НҮРПЕЙІСОВА, СҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ МЕЙІРБИКЕСІ


Гүлжан – жоғары біліктілік санаты бар мейірбике. Дегенмен оның ең үлкен жетістігі – әр адамға шынайы жылу мен қамқорлық сыйлай білуінде. Іске жауапкершілікпен қарауы, көмектесуге деген шынайы ниеті мен мейірімді жүрегі оны ұжымдағы ең құрметті мамандардың біріне айналдырды.

СНХР: БОТАГӨЗ ҚУАНЫШЕВА, СҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ, ГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМІНІҢ КІШІ МЕДИЦИНАЛЫҚ ПЕРСОНАЛЫ


СНХР: САБЕТ ТОПИШОВ, НАУҚАС


СНХР: МАРИЯ ГРИППЕ, НАУҚАС


Бүгінде 25 жылдық тәжірибесі бар маман өзі студенттерге жол көрсетіп, білгенін үйретіп келеді. Кезінде өзі басынан өткерген қиындықтарды ескеріп, жас мамандарға қолдау көрсетуге тырысады.

СНХР: : ГҮЛЖАН НҮРПЕЙІСОВА, СҚО КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫ ГЕМАТОЛОГИЯ БӨЛІМіНІҢ МЕЙІРБИКЕСІ


Сонымен қатар, бұл ерекше мамандық иесі аурухананың барлық іс-шараларына белсене қатысып, әріптестері мен науқастарға үлгі бола білетін абыройлы азамат. Ерен еңбегі мен жоғары кәсібилігі үшін бірнеше мәрте марапаттарға ие болған қадірлі тұлға.