Шал ақын ауданындағы «Аю-тас» сауықтыру лагері өз жұмысын басталды. Айта кетейік, биыл демалыс орнына 77 млн теңгеге ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Қазіргі таңда мұнда 110-нан астам бала демалып жатыр. Биыл лагерь ұжымы мектеп оқушыларын 5 ауысымда қабылдамақ.
«Аю-тас» сауықтыру лагерьі 1966 жылы ашылған. Содан бері демалыс орны жыл сайын балаларды қабылдап, олардың жазғы уақыттарын керемет өткізулеріне мүмкіндік беріп келеді. Биыл лагерьге толық жөндеу жұмыстары жүргізіліп, жаңа кейіпке енді. Жиһаздардың барлығы жаңартылып, еден және терезелер толық ауыстырылды.
СНХ: ЗАЙРА СӘДУӘҚАСОВА, «АЮ–ТАС» САУЫҚТЫРУ ЛАГЕРІНІҢ ДИРЕКТОРЫ
Қазіргі таңда сауықтыру лагерінде 110-нан астам бала демалып жатыр. Мектеп оқушылары жазғы уақыттарын мұнда қызықты әрі пайдалы өткізе алады. Түрлі спорттық ойындар ойнап, би билеп, ән айтады. Күніне 5 рет тамақтандырылады.
"Аю–тас" сауықтыру лагері биыл 5 ауысымда жұмыс істейді. Бұл жерде тек Шал ақын ауданының ғана емес, көршілес аудандардың балалары да демалып, жазғы уақыттарын тиімді өткізеді.