Қазақстанда 3 000-нан астам елді мекенді жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етуге бағытталған ауқымды жоба жүзеге асырылып жатыр. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің хабарлауынша, жұмыстар жоспарланған мерзімнен бұрын — 2026 жылдың соңына дейін аяқталады.Жақын арада мектептер, ауруханалар, әкімшілік ғимараттар, бюджеттік ұйымдар, қоғамдық қолжетімділік нүктелері мен мемлекеттік шекарадағы 40-тан астам өткізу пункті интернетке қосылады. Интернетке қосу туралы инвестициялық келісім талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу жобасын іске асыру аясында жасалды. Бұл жоба бастапқы жоспардан бір жыл бұрын — 2026 жылдың соңына дейін аяқталады. Ал шалғай аудандарды интернетпен қамту спутниктік байланыс арналары арқылы 2027 жылдың соңына дейін жүзеге асады. Жобаның нәтижесінде 2027 жылдың соңына дейін елдегі ауылдардың 99%-ы жоғары жылдамдықтағы интернетпен қамтамасыз етіледі. Жобаға тартылған инвестиция көлемі ауқымды.